М.Ықсанов атындағы
Қызылорда техникалық-ІТ
жоғары колледжі
Колледж ғимараты
Интерьер
Сыныптар
Акт залы
Колледж туралы
«Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын – энергетика және көлік, автомобиль, шағын және орта бизнес субъектілеріне, құрылыс мамандарын дайындауда облыс деңгейіндегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі қара шаңырақтарының бірі әрі бірегейі.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімі Қ. Е. Көшербаевтың 2013 жылғы 30 желтоқсандағы «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы» № 435 қаулысына сәйкес Қызылорда политехникалық колледжі» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып мемлекеттік тіркеуден өтті және екі сатылы білім беру кешені, яғни: үздіксіз кәсіптік білім беру мақсатында (бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі) жүйелі түрде жүргізіліп келуде. Мұндай кешенді құрудың басты мақсаты — білім беру жүйесін заман талабына сай жақсарту және жетілдіру, бірпрофильді мамандықтардың білім бағдарламаларын сәйкестендіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес «Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мұстахым Біләлұлы Ықсановтың есімі берілді.
Ерекшеліктері
Мақсаты: сапалы білім беру, техникалық және ІТ саласында білікті мамандар даярлау
Құндылықтары: әлеуметтік жауапкершілік, студенттерге қолдау көрсету
Қызметтері: кәсіби даярлық, жүргізушілер курстары, ІТ бағытындағы оқу бағдарламалары
Оқу тілі
Қазақ тілі және орыс тілі (қалаған тілде оқу мүмкіндігі)
Лицензия және аккредитация
Колледж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің лицензиясы мен аккредитациясы бойынша жұмыс істейді.
Халықаралық ынтымақтастық
Колледж әртүрлі халықаралық жобаларға қатысады, соның ішінде Еуропалық Қор (Erasmus+) жобалары, WorldSkills қозғалысы